Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ 2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Ербол Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды”, – делінген хабарламада.