×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Бюллетеньмен селфи жасағандарды қандай жауапкершілік күтіп тұр

19.03.2023, 10:52
ortalyq.kz

Бюллетеньмен селфи жасаған азаматтардың қандай жағдайда жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматының АСК төрайымы Айгүл Қалықованың сөзінше, бюллетеньмен селфи жасаушы фотоны әлеуметтік желіге жүктемесе, ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Ал желіге жариялап, көпшілікке таратса, онда оның әрекеті үгіт-насихат болып есептелмек.

«Егер бюллетеньмен түскен селфи әлеуметтік желіде жарияланса әр жағдай жеке-жеке қаралады. Егер сайлау парағында құсбелгі (галочка) көрініп тұрса онда бұл сайлау күніндегі үгіт-насихатқа теңестірілуі мүмкін. Мұны сайлау комиссиясының өзі емес, прокуратураны тарта отырып, онда бұзушылықтар бар ма, жоқ па, соны қарастыратын болады», - деп түсіндірді Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Сондай-ақ, Айгүл Қалықова кандидаттардың сенімді өкілдерінің кейбір дауыс беру учаскелеріне телефонмен кіру мәселесі жөнінде пікір білдірді.

«Бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаске бар, олар әскери бөлімдер, санаторийлер және т.б. Ол жерлердің өз ережелері бар, оған сәйкес, телефонмен кіруге рұқсат бермейді, сол себепті байқаушылар мен сенім білдірілген тұлғаларға сайлау учаскелеріне барғанда телефондарын қалдыру сұралды», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

 

Серіктес жаңалықтары