×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Қазақстанда қайта вакцинациялау басталды

03.05.2022, 17:51
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналауға рұқсат беретін қаулысы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтсақ, ҚР бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

“КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі. КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі”, - деп жазылған құжатта.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы толық қайта вакциналаудан өту үшін алдыңғы екпе алған күннен кейін кемінде 3 ай уақыт өтуі керек.