×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Шымкентте жоғары шенді полиция ұсталды

03.05.2022, 18:22
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-ротасының командирі полиция майоры Әлімханов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицей қызметтегі қамқорлығы мен заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан жүйелі түрде пара алып келген.

"27 сәуірде Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-ротасының командирі полиция майоры К.Әлімханов қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерден 174 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Әлімханов былтыр мамырдан бері полк басшылығы үшін өз қызметкерлерінен ай сайын пара алып келген.

Бұған қоса, Әлімхановтың рота инспекторларымен алдын ала сөз байласып, автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартпау үшін 130 мың теңге пара алғаны анықталды.

"Сонымен қатар Әлімханов заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алып отырған", - делінген Антикор хабарламасында.

Сот полиция майорына қатысты "қамауда ұстау" түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша бірлескен жұмысы жалғасады, деді ведомство.