×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Отардағы сарбаз өліміне күдікті анықталды

03.05.2022, 19:23
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бас әскери прокуратура Гвардиялық гарнизонда сарбаздың өліміне күдікті анықталғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Жамбыл облысы Гвардейский елді мекеніндегі сарбаз Әлібек Қалбайдың қаза тапқаны туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Ол бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты", - делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, қамауға алуға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болған.

"Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі). Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр", - деп толықтырды ведомоства.

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, он күннің ішінде қайтыс болды.

Президент әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.