×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Түркі академиясына 1 млн доллар бөлінеді. Тоқаев тиісті заңға қол қойды

03.05.2022, 20:29
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы Түркі академиясына бюджеттен бір миллион доллардан астам қаржы жұмсайтынын айтқан болатын.

Түркі академиясы Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттеріне ортақ ұйым болғандықтан, мекеменің қызметін оның құрамына кіретін барлық ел қаржыландырады.

Түркі академиясы Қазақстан аумағында болғандықтан, қалыптасқан дәстүр мен практика бойынша біздің жарнамыз шамамен 46 пайызды құрайды.

Еске салайық, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты елордада өткен жылдың қазан айында ашылған болатын.

Академия Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2010 жылдың 25 мамырда тарихи Нахчыван келісімі негізінде өз жұмысын бастады.