×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Прокуратураға дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар туралы 25 шағым түскен

19.03.2023, 14:52
inbusiness.kz

Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Дауыс беру рәсімі басталғаннан бері прокуратура органдарына ықтимал заңбұзушылықтар туралы 25 шағым келіп түсті. Оның бесеуі Бас прокуратураға келді. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Себебі өтініштерде орын алуы мүмкін заңбұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгітті жүргізгендігі мүмкін екені жөнінде айтылған», - деді ол.

Сарғазиннің сөзінше, 7 өңірдің жергілікті прокуратурасына азаматтар тікелей жүгінген.

«Азаматтар бүгін тікелей келесі аумақтық прокуратураларға да жүгініп отыр: Астана қаласында төртеу, Алматыда бір, Шымкент қаласында үш, Шығыс Қазақстан облысыда бес, Түркістан облысында төрт, Қарағанды, Палводар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың бәрі қазір тексеріліп жатыр», - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.

Сондай-ақ, Шымкентте шыққан шу көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

 

Серіктес жаңалықтары