×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді: Алматы әлі де көш соңында

19.03.2023, 16:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 16:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 55,23%
  • Ақмола облысы бойынша – 58,96%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%
  • Алматы облысы бойынша – 59,45%
  • Атырау облысы бойынша – 48,15%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,61%
  • Жамбыл облысы бойынша –64,78%
  • Жетісу облысы бойынша –54,82%
  • Қарағанды облысы бойынша –58,21%
  • Қостанай облысы бойынша –64,81%
  • Қызылорда облысы бойынша –64,95%
  • Маңғыстау облысы бойынша –53,84%
  • Павлодар облысы бойынша –58,43%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –63,66%
  • Түркістан облысы бойынша –49,14%
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%
  • Астана қаласы бойынша –38,57%
  • Алматы қаласы бойынша –19,14%
  • Шымкент қаласы бойынша – 42,31%

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.

Сондай-ақ, Шымкентте шыққан шу көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Серіктес жаңалықтары