×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Туыстары үшін дауыс беруге рұқсат еткен": сайлау комиссияларының мүшелері жауапқа тартылады

19.03.2023, 16:09
фото: ашық дереккөзден

Дауыс беру процесі басталғаннан бері елдің үш өңірінде сайлау туралы заңнаманы бұзу деректері тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин мәлім етті.

«Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижесінде  сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Олар Алматы облысында Еңбекші қазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде болған», - деді ол.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, сталған аудандардағы сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс берушілердің өтініші бойынша туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер беріліп, дауыс берудің тең құқықтылық талабы бұзылған.

«Ондай бюллетень берген комиссия мүшелері бірден учаскедегі жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту бағытында шаралар қабылдап жатыр. Дауыс берудің теңқұқықтылық талабын бұзып, өзге адам үшін дауыс берген кінәлілер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады», – деді Сарғазин.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.

Сондай-ақ, Шымкентте шыққан шу көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі прокуратура органдарына дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар туралы 25 шағым түскенін мәлімдеген болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары