×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Конституцияда Назарбаевтың тарихи рөлі туралы норма болмайды – Қарин

04.05.2022, 20:45
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Конституциялық Кеңесіне Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин telegram каналында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түтетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекітуді қажет етпейді", — деп жазды ол.

Мемлекетік хатшының жазбасына қарағанда, Конституциялық Кеңестің енгізілетін түзетулер жобасына қарсылығы жоқ.

“Конституциялық Кеңес түзетулердің бүкіл тармақтары Конституцияға сай деген қорытынды берді. Конституциялық норма тұтастай мемлекеттік-саяси модельді трансформациялауға бағытталған және қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатыр”, – деп жазды Ерлан Қарин.