Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚШФ кезектен тыс съезінде көпшілік дауыспен Қазақстандық шахмат федерациясының жаңа президенті болып Құсайынов Ғалым Әбілжанұлы сайланды.
Ғалым Құсайынов - қазақстандық жетекші қаржы институттарының бірінде басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.
Еске салайық, 2020 жылдан бері бұрынғы индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып келді.