×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Сенат Конституциядан «Назарбаев нормасын» алып тастау ұсынысын қолдады

05.05.2022, 10:45
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат «Референдум туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды. Осылайша, «Тұңғыш Президент Қазақстанның негізін қалаушы» деген норманы Конституциядан алып тастаудың қадамдары басталып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат бүгін «Республикалық референдум туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды.

«Реформалар жөніндегі комиссия Конституцияның 91 бабының 2 тармағындағы Тұңғыш президенттің рһлін Конституцияда белгілеу қажет деген ұсынысты енгізген болатын. Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістердің бәрі қарауға ұсынылды. Біздің кешегі алған ақпаратымызға сәйкес, осы реформалар комиссиясы Бірінші президенттің рөлі түсінікті, сондықтан оны Конституцияда белгілеу қажет емес деген ұсыныс берген екен. Оны Конституциялық кеңес кеше қолдап, қорытындысын шығарды», - деді сенатор Ләззат Сүлейменова бүгінгі отырыстан кейін.

Осы себепті сенаторлар Конституциялық кеңестің ұсынысын ескеріп, Сенат қайтадан заң жобасының редакциясын қарап, Мәжіліске жіберді.