×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Пірматов базалық мөлшермелені төмендетпейтінін айтты

05.05.2022, 11:15
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, базалық мөлшерлеме дәл қазір төмендетілсе де банктер несие бермейді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Ұлттық банктің негізгі міндеті – қазақстандықтардың жайлы өмірін қорғау. Табысын сақтап, ақшасының құнсызданып қалуынан қорғау. Егер біз инфляцияның адекватты шегін ұзақ мерзім бойы ұстап, қазақстандықтардың Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны ұстай алады-ау деген сенімін ақтай алсақ, ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз ете аламыз. Басқаша болмайды. Экономиканы несиелеу ставкаға ғана байланысты емес. Тіпті қазіргі инфляция жағдайында базалық мөлшермелені төмендетсек те, банктер бәрібір коммерциялық жобаларды қаржыландырмайды», - деді сенаторлар алдында Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, қазір мемлекетке құрылымды реформалар керек.

«Біздің экономика импортқа тәуелді. Азық-түлік жағынан да. Біз өкінішке қарай қазір сыртқы теріс ықпалдардың қиындығын көріп отырмыз. Бәріміз осыны еңсермесек болмайды. Онсыз да Ұлттық банк кейінгі 3-4 жылда экономиканы қолдау бағдардамасына белсенді түрде араласып келді. Біз қазір одан бас тартып жатырмыз. Біздің позиция – мемлекет есебінен субсидиядауды қою керек. Жеке секторды қолдаған абзал», - деді ол.