×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

"Процесс басталды": Қазақстан Тигран Кеосаянға қандай шара қолданатынын айтты

05.05.2022, 11:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянды нон грата тізіміне, яғни Қазақстанға келуге тыйым салынған адамдардың тізіміне қосу процесін бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Сол күні Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастадық. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұнайды қолданамыз", - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери шерудіңң тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген болатын.