×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Сурдлимпиада-2022: Қазақстандық спортшы алғашқы алтынды жеңіп алды

05.05.2022, 12:13
Сурет: Ұлттық Сурдлимпиада комитеті

Қазақстан Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда алғашқы алтынды жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Еркебұлан Қанафин салды.

Қазақстандық спортшы Оңтүстік Кореялық Ким Мин-сокты жеңді.

Ал жартылай финалда Франциядан келген басты фаворит Рафаэль Кубеликті нокаутқа жіберді.

Қазақстанданың еншісінде барлығы жеті медаль бар. Алтын, екі күміс және төрт қола.

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 12-орында келеді. Бұл жарыста Украина көш бастап тұр.