×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сайлау: шетелде қанша отандасымыз дауыс бергені белгілі болды

20.03.2023, 11:39
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс сайлауында шет мемлекеттерде жүрген  8800 қазақстандық дауыс берді. Бұл - өзге елдердегі отандастарымыздың 72,54%-ы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.
Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады», - делінген министрлік ақпаратында.

Еске салайық, кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Exit poll нәтижесі бойынша ең көп дауыс Аманатта - 53,46%, ең аз дауыс Байтақ партиясында - 3,22%.

Серіктес жаңалықтары