×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Экология басқармасы басшысының экс-орынбасарына 96 млн теңге айыппұл салынды

20.03.2023, 11:42
Экология басқармасы басшысының экс-орынбасарына 96 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен пара алғаны үшін (ҚК 366-бабы) Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының м.у.а. М. Жексембаевқа 96 млн теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды (параның 30 еселенген мөлшері).

Пара бергені үшін (ҚК 367-бабы) «Экосервис-С» ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен «Компания Стройтекс» ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 млн. астам және 64 млн. теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылған.

«Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) «Eco Almaty» ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн. теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн. теңгеден астам соманы құрады. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды», - делінген хабарламада.

Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев «Реннесанс плюс» ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн теңге шамасында ақшалай қаражат алған.

М. Жексембаев «Компания Стройтекс» ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн. теңгеден астам ақшалай пара алған.