Сенаттың жаңадан тіркелген депутаты Жанболат Жөргенбаев ресми түрде жұмысына кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенаттың бүгінгі отырысына Жанболат Әкебайұлы ант қабылдады.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Ж. Жөргенбаев.
Депутат аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне кіруге өтініш білдірді.
Сенаттағылар оның өтінішін бірауыздан қабылдады.
Айта кетері, бұған дейін орталық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарын тіркеген болатын.