×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Алматыда анасын сабаған ер адам қамауға алынды

05.05.2022, 14:47
Видеодан кадр

Алматыда анасын ұрып-соққан ер адам 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz. 

"Жанжал қайын енесінің келініне қатысты балағат сөздер айту негізінде орын алған. Әйелінің сөзін сөйлеген ер адам анасын соққыға жыққан. Оның миы шайқалған, денесі көгерген, қолы сынып, көптеген дене жарақаттарын алған. 49 жастағы күдікті ұсталды", – деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

Ер адамның іс-әрекеті бұзақылық ниетпен дәрменсіз күйде қалған адамға қатысты ерекше қатыгездікпен денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру деп сараланады. 

Күдікті 2 айға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның қарт әйелді балдақпен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған болатын.