×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Ақмола облысында ерлі-зайыпты егіз баласымен өртеніп кетті

05.05.2022, 15:25
ҚР ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында пәтерден өрт шығып, салдарынан бір отбасындағы төрт адам көз жұмды. Қайғылы жағдай Красный Яр ауылында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақмола облысында өрттен жас отбасы қаза тапты. Түнгі сағат 03:54-те Краснояр ауылында бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қаласының №1 мамандындырылған өрт сөндіру бөлімшесі мен Садовое ауылындағы №29 өрт сөндіру бекетінің күш-құралдары жұмылдырылды», - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтердің терезесінен 58 жастағы әйел мен оның жеті жасар немересі өз бетінше шығып үлгерген.

Өртті сөндіру барысында  31 жастағы ер адамның, 29 жастағы әйел мен төрт жасар екі баланың денесі табылды.

«Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерде болған. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сағат 04:50-де өрт сөндірілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқиға орнында сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.