×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Тұңғыш Президентке қатысты заң Тоқаевқа жолданды

05.05.2022, 16:36
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституциялық заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірлегенін еске салды.

«Өздеріңізге белгілі, заң жобасын үстіміздегі жылдың 4-ші мамырында Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын. Алайда заң жобасын Парламент Сенатында қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру Комитет отырысында қаралды. Сенат, республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ,  мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды. Осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды», - деді ол.

Оның айтуынша, қорыта келгенде, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынды. Ұсыныс қолдау тауып,  Палата отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы аталған өзгерістерге қолдау білдірді. Енді бұл құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.