×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Референдум қашан өтеді

05.05.2022, 17:34
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов алдағы республикалық референдум қашан өтеді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Референдум 5 маусымда өтеді деген болжам бар. «Бұл ақпарат қаншалықты рас?» деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысынан кейінгі сұхбатта.

«Бүгін немесе ертең Президенттің Жарлығы шығуы мүмкін. Мұның бәрін Жарлықтан көретін боламыз. Әрине, бұл да ыңғайлы күн. 5 маусым – демалыс», - деп жауап берді Арман Қожахметов.

Одан бөлек депутат жұмыс тобының ел астанасын қайта атау туралы ұсыныс болды ма деген сұраққа жауап берді.

«Жұмыс тобында бұл мәселе талқыланған жоқ. Біз наурыз айында Президент Жолдауында айтылғандарды басшылыққа алдық. Сондықтан Президент берген тапсырмалар негізге алынды. Қосымша біздің азаматтарымыз, үкіметтік емес ұйымдар ұсынған барлық нәрсе ескерілді. Осы түзетулердің барлығын біз бірге талқыладық», - деді Арман Қожахметов.