×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

20.03.2023, 18:04
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін», - делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ,  Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Оған қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Бұдан бұрын порталымыздың сауалдарына тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында экс-депутат қаңтар оқиғасы жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

Серіктес жаңалықтары