×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Cоғыста қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

06.05.2022, 09:57
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті Мемлекет басшысының Жарлығы бүгін жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы соғыста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені:

- 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);

- 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Александр Александрович Несмияновке (марқұм);

- 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) тапсырылды.