×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Канело Қазақ елін Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады

21.03.2023, 10:31
Ашық дереккөз

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Қазақстан халқын төл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еліміздің Suleimen Promotions командасы спортшыға шапан жапқан.

«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті», - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.

Канело да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтап: «Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» - деген «Канело».

Серіктес жаңалықтары