×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қазақстанда референдум қалай өтеді

06.05.2022, 13:30
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, үгіт жұмыстары бүгін, алтыншы мамырда басталып, дауыс берілетін күннің алдындағы күні, 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады.

Референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.

"Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне әрбір учаске бойынша әкім қол қояды және ол 15 мамырдан кешіктірiлмей, яғни дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын акт бойынша тапсырылады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 25 мамырдан кешіктірмей, дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда хабардар етеді", - деді Петров орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Референдумда дауыс беруді өткізу уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссияларда дауыс беру 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Дауыс беру қорытындысы 7 күн ішінде Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады.