×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ashyq қосымшасы қайта қосылуы мүмкін

06.05.2022, 14:14
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін референдумда дауыс беру үшін Ashyq қосымшасын қайда пайдалануы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Референдум 5 маусымда, яғни бір айдан кейін өткізілетінін ескере отырып, референдум өткізілетін күні коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары мемлекеттік санитария дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі және әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, аумақтық референдум комиссиясының мүшелерін вакцинация туралы құжаттық растамасы болса ғана сайлау учаскелеріне жіберуге бағытталған қосымша шаралар енгізіледі», деді Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда қолданылатын қосымша шараларға сайлау учаскелеріне кіреберісте Ashyq қосымшасын қолдану, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау, дезинфекция құралдарын қолдану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау кіреді.