×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Сайлау: Таразда бюллетень толтырған сайлау комиссиясының мүшесіне айыппұл салынды

21.03.2023, 14:17
Сайлау: Таразда бюллетень толтырған сайлау комиссиясының мүшесіне айыппұл салынды
Ашық дереккөз

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы Ulysmedia.kz сайтының Тараз қаласындағы №32 сайлау учаскесінде сайлау заңнамасының өрескел бұзылғаны туралы жарияланымына қатысты пікір білдірді.

Наурыздың 19-ы күні Ulysmedia.kz сайтында Тараздан ер адам мен әйелдің бірнеше бюллетеньді сайлау жәшігіне кезек-кезек лақтырып жатқаны түсірілген видео жарияланды.

Облыстық сайлау комиссиясы «Аманат» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.Саурукованың пайдасына дауыстардың бұрмаланғанын хабарлады.

Прокурордың қаулысымен ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен комиссия мүшесі Ф.Хамитоваға (сайлау комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында сайлау бюллетеньдерін беруі) 12,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Тараз қаласының прокуроры С. Орынтаевтың (облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат М. Саурукованың мүддесі үшін) және Д. Досаевтың (Amanat партиясының мүддесі үшін) қаулысымен ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен (екі немесе одан да көп рет дауыс беру арқылы немесе басқа сайлаушы үшін тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу) 12,5 АЕК айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасында Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 54,19% қатысуы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды. 

Бұған дейін Ulysmedia.kz тәуелсіз кандидаттар неліктен цифрлық қайта сайлау өткізуді талап ететінін айтқан болатын.