×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

06.05.2022, 17:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов биыл 20 наурызда №1 түтін мұржасының жоғарғы бөлігі жарым-жартылай құлаған Петропавл 2-ЖЭО-ға барды.

"Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Кан мен "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директорының м. а. Андрей Калиничев кәсіпорынның қазіргі жағдайы, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы баяндады. Үкімет басшысы барлық жабдыққа мұқият техникалық тексеріс жүргізуді және жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Бұл ретте, тұрғындарды жазда ыстық сумен қамтамасыз ету және жаңа жылыту маусымын белгіленген мерзімде бастау аса маңызды.

"Барлық жұмысты сапалы, кідіріссіз, кестеде белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Компания басшылығы барлық қажетті қаражатты табуы керек", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Энергетика министрлігіне республиканың жылу электр орталықтары мен су электр станцияларында олардың техникалық жай-күйі мен алдағы жылыту маусымына дайындығы тұрғысынан жоспардан тыс тексеріс жүргізу тапсырылды.

Еске сала кетсек, Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі жартылай опырылып құлаған болатын. Кейін "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Жол картасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайтын бес блокқа бөлінген.