×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Астанада бір ай бойы тегін автобустар іске қосылады

22.03.2023, 10:29
Ашық дереккөз

Бүгін, 22 наурыздан бастап Астанада Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

Республикалық Бас мешіттен жүретін бағдарлардың бағыты:
- "Целинный" ы.а.;
- Гребной канал;
- Республика даңғылы.

"Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- "Спутник" супермаркеті;
- ТЖ вокзалы;
- "Көктал-1,2" ТА.

"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- "Көктал-1,2" ТА;
- ТЖ вокзалы;
- Мед. колледж.

"Сәдуақас қажы Гилмани" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- "Көктал-1,2" ТА;
- "Кирпичный" ТА.

"Рақымқызы Райса ана" мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
- "Рахмет" СО.

Серіктес жаңалықтары