7 мамырға қараған түні Шу аудандық ішкі істер бөліміне белгісіз біреулердің полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің полиция қызметкерін ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Бейнежазбадан атыстың да дауысы естіледі.
Оқиға Шу қаласында вокзал маңында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері "ВАЗ-21014" маркалы автокөлігін алдыңғы мемлекеттік нөмірі болмаған үшін тоқтады. Мән-жайды анықтап жатқан сәтте көліктің жүргізушісі мен жолаушылары заңды талаптарға бағынбай, басқа таныс адамдармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетеді. Сөйтіп екі арада жігіттер полицейді ұрып-соққан.
Қазір полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданған белсенді адамдардың барлығы ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.
Мемлекеттік қызметшілерге күш көрсеткен белсенді тұлғалар бап бойынша ұсталды.
Тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері осы баптың талаптарына сәйкес жария етілуге жатпайды.