×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Францияда бір тәулікте шерулер кезінде 300-ге жуық адам ұсталды

22.03.2023, 13:41
Ашық дереккөз

Францияда халықтың наразылығы мен шерулері басылмай тұр – халық зейнетақы реформасына қарсы көшеге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тек соңғы 24 сағаттың ішінде полиция 300-ге жуық адамды ұстады. Олардың көпшілігі – 234 тұрғын Парижде ұсталған.

Барлығы бір апта бойы наразылық шерулері кезінде полиция 850-ден астам адамды қамады. Парламент зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке көтеру туралы шешім қабылдағаннан кейін француздар көшеге шықты.

Наразылық акциясы бір аптаға жуық уақыт бойы жалғасып, көшеге шыққандар көбейе түсуде. Бұған дейін премьер-министр Элизабет Борн зейнет жасын 64-ке дейін көтеру туралы заң парламентті айналып өтіп қабылданғанын айтқан. Оның мәлімдемесі жиналған депутаттардың наразы айғайымен қатар жүрді. Борнның сөзінен кейін депутаттар премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.

Айта кетейік, наразылық танытқандар шеру кезінде премьер-министрдің мүсінін өртеп жіберген болатын.

Серіктес жаңалықтары