×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Екінші жер сілкінісі болмайды: Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

22.03.2023, 17:13
Ашық дереккөз

Бір күн бұрын Қазақстанның оңтүстік өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді, қатты жер сілкінісінен көпқабатты үйлердің тұрғындары көшеге шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі қаладағы жер сілкінісі үш баллға бағаланғанын айтты. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

«Екінші жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат жалған. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз», - деп атап өтті ТЖД.

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда тіркелгені, максималды күші 7 балл болғаны нақтыланды.

Жерасты дүмпулері Қазақстанда ғана емес, Түркіменстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан және Қырғызстанда да сезілді.

Серіктес жаңалықтары