Қызылорда қаласында жастар арасында атыс болып, үш адам қаза тапты және екеуі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаның 7 мамырда қала маңындағы Титов ауылында азық-түлік дүкені алдында болғаны айтылған.
Бұл ақпаратты полиция департаменті растады. Қазір осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
“Атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп- тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты ҚаР ҚК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді”, – дейді Полиция департаментіндегілер.