×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Әкімдік "Барыс-Аренадағы" концерт өтпейтінін мәлімдеді

08.05.2022, 13:26
Instagram

Нұр-Сұлтан әкімдігі бүгін, 8 мамыр "Барыс Аренада" жұлдыздардың қатысуымен концерт өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 8 мамыр "Барыс Аренада" концерт өтетіні туралы ақпарат тараған.

"Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. "Барыс Арена" ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың спорттық-мәдени нысандарын басқаратын MTEXmanagement компаниясы да қала тұрғындарына концерт өткізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік ақпаратынша, ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап концертке шақырып жатыр. Осылайша адамдарды шатастырып жүр.

Алайда, ұйымдастырушылар да концерт өтпейтінін растап, Instagram-парақшасында шара шегерілетінін мәлімдеген.