×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қырғызстанда құм көшкіні жүрді, 18 үйдің тұрғындары көшірілді

23.03.2023, 12:25
Ашық дереккөз

Қырғызстанның Ош облысы Өзген ауданында көшкін жүріп, шамамен 1 млн текше метр топырақ түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі Кабар-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көшкін жүрген жерден 300 метр қашықтықта орналасқан 18 үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

«Өзген аудандық Қоғамдық қауіпсіздік қызметі дабыл қағып, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Құм көшкіні қаупі 2017 жылдың көктемінен туындап келеді. Елдің ТЖМ Мониторинг және болжау департаментінің қызметкерлері 2022 жылдың 5 қыркүйегінде 18 үйдің тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында көшіру туралы шешім шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары