Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылының тұрғындары жердің халыққа қайтарылуын талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылының тұрғындары еліміздің жерін қайтаруды тілейміз. Жер қайтарылсын! Жер халыққа”, – деген видеода ауыл тұрғындары.
Аталған видеоны әлеуметтік желіге қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жариялады.