×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін дайындап жатыр

24.03.2023, 08:39
profile.ru

Еуропалық одақ Ресей Федерациясына қарсы 11 санкция пакетін енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия президенті Урсулу фон дер Ляйен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, жаңа санкциялар бұған дейін енгізілген шектеулерді айналып өтуге қарсы күрес шараларын қамтымақ. Оларды енгізу мерзімі әлі аталған жоқ.

Қазіргі уақытта ЕО Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге қарсы 10 санкция пакетін енгізді. Соңғы санкциялар пакеті  Батыс елдерімен 25 ақпанда келісілген. Шектеулер 96 ұйымға қарсы енгізілді. Сондай-ақ Ресейден экспорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімі кеңейтілді. Сонымен қатар, ЕО-ның жаңа санкцияларына Тинькофф Банк, Альфа-банк, Росбанк ілікті.

Айта кетсек, бұдан бұрын жапон билігі Ресейдің 48 азаматы мен 74 ұйымының активтерін бұғаттаған.

Серіктес жаңалықтары