×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Яндекс, шетелдік БАҚ, Медеу: Air Astana жарнамаға қанша қаражат жұмсайды

09.05.2022, 14:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Air Astana жарнамаға миллиондаған доллар ақша шашып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәуір айының соңында Air Astana «Яндекс Қазақстанмен» БАҚ-та материалдарды дайындау және жариялау бойынша қызметтерді көрсету туралы келісім жасасты. Келісімшарттың сомасы 100 миллион теңгеден асады. 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады.

Компанияның жарнамасын акцияларды орналастыруға дайындалу үшін PR бөлігі ретінде пайда болған шетелдік басылымдардан да табуға болады. Ал PR-жоспардың өзін британдық INSTINCTIF PARTNERS консалтингтік компаниясы 95 миллион теңгеге әзірлеген.

Сондай-ақ, Медеу мен Шымбұлақтағы сыртқы жарнамаға 40 миллион теңге жұмсалған.

Айта кету керек, бұл келісімшарттар бір көзден жасалады. Квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының негізгі қағидаттары – қаражатты оңтайлы жұмсау, ашықтық және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету қағидаттарына қайшы келеді.

«Эйр Астана» АҚ акцияларының бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үкіметке, қалған 49%-ы британдық «BAE Systems Kazakhstan Ltd» компаниясына тиесілі.