×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Тоқаев Украинадан басқа елдерге Жеңіс күніне орай құттықтау жолдады

09.05.2022, 15:37
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларына Жеңіс күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері мен Үкімет басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады», - деп хабарлады ҚР Президенті Телерадиокешенінен.

Қазақстан Президенті құттықтау хаттарында соғыс және тыл ардагерлеріне алғыс сөздерін жеткізіп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және игілік тіледі.