×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Мұхтар Жәкішев соғысты ақтайтын орынсыз пропагандалық ұрандарды айтпауға шақырды

09.05.2022, 17:39
Фото: Ашық дереккөзден

«ҚазАтомӨнеркәсіп»  компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев ІІ дүниежүзілік соғыс пен қазіргі мағынасыз қанды қырғынның, соғыстың құрбандарын үнсіз ғана еске алуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қымбатты достар! Ұлы жеңіс пен еске алу күні құтты болсын! Сол сұрапыл соғысқа қатысқан, қиыншылығын көргендердің қатары күн санап кеміп жатыр.  Арамызда барларына басымды иіп,  құрметімді білдіремін», - деп жазды әлеуметтік желіде Мұхтар Жәкішев.

Ол бейбіт заман бейбіт болудан қалып бара жатқанына өкініш білдірді. Балалар мен бейбіт адамдар өлім құшып, үйлер қирап, өмірлер мен тағдырлардың астаң-кестеңі шығып жатқанын еске алды.

«Тағы да соғыс,  тағы да біреу өзін өзгелердің,  өзге ұлттың тағдырын шешу құқына иемін деп санап отыр. Қайтадан Отан соғысы басталды. Украин халқының өз жерінде өмір сүріп, сүюге, ұрпағын өсіру құқы жолындағы соғыс!  Бұл соғыс әлі біршама уақыт жалғасатын сияқты,  бірақ мен Жеңіс күні туатынына кәміл сенемін!» - деді ол.

Мұхтар Жәкішев мысал келтірді. Бір данышпаннан "бақыт деген не?" деп сұрапты.  Ол: "Өміріңді сүріп,  өз балаларыңның қолында қайтыс болсаң, ал балаларың өмір сүріп,  немерелеріңнің қолында қайтса, ал немерелеріңді шөберелерің жерлейтін болса — бақыт деген осы"  депті. Бұның несі бақыт деп сұраса, "оқиғалар тізбегіндегі ретті өзгертіп көрсеңіз,  түсінесіз" деген екен. 

«Соғыс пен эпидемия осы ретті бұзып, ауыр қайғы әкеледі. Соғысты ақтайтын аргументтерді келтірмес бұрын, әркім өз қолындағы баласын елестетіп көрсінші. Ең болмаса бүгін, бәріміз үшін қасиетті күнде соғыста қаза болған бабаларымыздың әруағын қорламай, соғысты ақтайтын орынсыз пропагандалық лозунгтерді айтпауға шақырамын.  Сол соғыс пен қазіргі мағынасыз қанды қырғынның, соғыстың құрбандарын үнсіз ғана еске алайық», - дейді ол.