×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Украинаны қайта қалпына келтіру үшін қанша қаржы қажет – Дүниежүзілік банк есебі

24.03.2023, 11:11
ukrainianwall.com

Дүниежүзілік банк Еурокомиссиямен, БҰҰ-мен және Украина үкіметімен бірігіп жасаған есебінде Украинаны қайта қалпына келтіру құнын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есепке сүйенсек, соғыс зардабын тартқан Украинаны аяғынан қайта тұрғызу үшін 411 млрд доллар қажет.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, есепте көрсетілген сома 2022 жылғы бағалауға сәйкес, Украинаның жалпы ішкі өнімінен 2,6 есе көп болып отыр. Еуропалық комиссия, Дүниежүзілік банк пен Украианның өзі дайындаған есеп 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап бір жылды қамтиды. Былтыр қыркүйек айында Дүниежүзілік банк Украинаға келтірілген шығынды 349 млрд долларға бағалаған болатын.

Дүниежүзілік банк биыл Украинаға 14 млрд доллар қайта құруға инвестициялар қажет екенін атап көрсетті.

Елдің премьер-министрі Денис Шмыгалдың айтуынша, биыл Украина Батыс елдерінен соғыстың кесірінен қиратылған мүлікті қалпына келтіру үшін 17 млрд доллар (680 млрд гривен) алады. Биыл қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Украина президенті Владимир Зеленский елді қалпына келтіру үшін 600-800 млрд доллар қажет болатынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары