×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Рейтингте де жоқ: Қазақстан футболшыларын ешбір ел жалдағысы келмейді

10.05.2022, 11:36
Фото: Ашық дереккөзден

Шетел лигаларындағы ойыншылардың саны бойынша елдердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зерттеу нысаны ретінде ең танымал 80 қауымдастық пен 135 футбол лигасы алынған. Бразилия шетелдік лигалардағы ойыншылар саны бойынша көшбасшы. Бұл елдің шетелдік чемпионаттардағы өкілдігі 1219 ойыншыны құрайды. Франция 978 футболшымен екінші орында тұр. Аргентина 815 шебермен үшінші орыннан көрінген.

Қазақстан бұл тізімге енген жоқ. Соңғы қатарында Өзбекстан орналасқан.

20. Украина – 186 ойыншы

23. Жапония – 165 ойыншы

25. Ресей – 157 ойыншы

29. АҚШ – 142 футболшы

61. Беларусь – 51 футболшы

65. Молдова – 65 футболшы.

72. Литва – 31 футболшы.

79. Өзбекстан – 25 футболшы.

Бір қызығы, Қазақстан чемпионатының (ҚПЛ) командаларында 14 клубтың сапында 360-қа жуық футболшы өнер көрсетсе, оның 25 пайызға жуығы шетелдік ойыншылар.