×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

10.05.2022, 13:53
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым хан бейнеленген алып сурет Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған мурал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынған.

«Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова мен Гафура Қайырбекова кескіндеді. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен», - деп жазды ведомстводан.

Ал «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.