×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға келді

10.05.2022, 14:32
Фото: Ашық дереккөзден

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келгенін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.