×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қостанайда 12 үй өртеніп кетті

11.05.2022, 09:40
ТЖД

Қостанай шетінде Тобыл өзенінің бойында өртенген қамыс желдің ұйытқуымен жақын маңдағы тұрғын үйлер мен Набережная көшесіндегі жеке сектордың ауласына тарап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрттің салдарынан 12 тұрғын үй, алты шаруашылық құрылыс нысаны мен төрт автокөлік, оның ішінде бір жүк көлігі жанып кеткен. Екі тұрғын үй жартылай бүлініп, жалпы 1000 шаршы метр алаң зардап шеккен. Жанған қамыстың аумағы1,5 гектардан асады.

Өртті сөндіруге қатты жел мен түтін қиындық тудырған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, Набережная көшесінен 25 адам эвакуацияланды.

Эвакуацияланған адамдар «Дружба» емдеу-сауықтыру орнына орналастырылған.

“Өрт сағат 20.15-те ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 21.24-те сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен Қостанайдың басқа да қызметтерінің ондаған қызметкері мен техникасы жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр”, – делінген ТЖД таратқан ақпаратта.