×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанның егемендігі: Қытай мен Ресей Мәскеуде не туралы келісті

24.03.2023, 20:49
Ашық дереккөз

Қазақстан халқының бар назары Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы науқанында болса, осы аптада әлемдік аренада одан да маңызды процестер орын алды. Атап айтқанда, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Мәскеуге сапары және оның Владимир Путинмен келіссөздері қай бағытта өрбіді?

Мәскеудегі келіссөздердің негізгі нәтижесі экономикалық ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік туралы келісімдерге қол қою болды. Батыстың санкциялық қысымы аясында Ресей Қытайға мұнай мен газ жеткізуді ұлғайту туралы жаңа келісімдер мен басқа да уағдаластықтар жасады.

Украин мәселесі де талқылаудан тыс қалмады. Си Цзиньпин бітімгер ретінде әрекет етіп, Путинге Қытайдың Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын ұсынды. Путин сондай-ақ бұл жоспардың көптеген тармақтарын болашақта Батыс та, Киев те дайын болған кезде Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеуге негіз алуға болатынын айтты.

Си Цзиньпин мен Путин Қазақстан туралы не айтты?

Кремль сайтында жарияланған көшбасшылардың бірлескен мәлімдемесінде Қытай мен Ресейдің аймақтың істеріне сыртқы араласуды қабылдамайтыны атап өтілді.

Сонымен қатар, Ресей мен Қытай Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанға, олардың егемендігі мен ұлттық дамуын қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді үйлестіруге келісті.

Осы тұрғыда тараптар ҰҚШҰ-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне «оң» баға берді.

Си Цзиньпин мен Путин «аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында» ҰҚШҰ мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуетін жеткізген.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, мұндай мәлімдеме – ең алдымен, Қытай мен Ресейдің аймақтағы ықпалын әлсіретуге тырысып жатқан Батысқа жасалған белгі.

Серіктес жаңалықтары