×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Мен оны көрмедім: сайлауда Назарбаевтың "бажасы" жеңді

25.03.2023, 09:51
Ашық дереккөз

Алматы қаласы мәслихатының сайлауында жеңіске жеткен Дастан Жантелиев – Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Әсел Исабаеваның күйеу баласы. Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлады.

Жантелиев Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына №2 сайлау округінен кандидат болған. Басылым оның Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі деп аталып жүрген Әсел Исабаеваның кіші сіңлісін алып отырғанын жазады.

Жантелиевтің өзі атақты туысын ешқашан көрмегенін айтады.

«Иә, мен мұндай туысымыз бар деп естідім, бірақ оны ешқашан көрген емеспін және біз оны танымаймыз, сырттан ешқашан қолдау көрмедік», - деді ол Информбюро порталына.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасында Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, сайлауға қатысу көрсеткіші 54,19 пайызды құрап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды.

Бұған дейін Ulysmedia.kz тәуелсіз кандидаттар неліктен цифрлық қайта сайлау өткізуді талап ететінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары