×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

АҚШ-та шоколад зауыты жарылды. Қаза тапқандар бар

25.03.2023, 11:24
Ашық дереккөз

Пенсильвания штатының Вест Ридинг қаласында Палмер компаниясының R.M. шоколад зауытында жарылыс болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті. Олардан жарылыс кезінде ғимараттың бір бөлігінің ұшып кеткенін, содан кейін зауыт ғимаратының жалынға оранғанын көруге болады.

The Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 16:57-де болған. Себебі әлі анықталған жоқ.

Полицияның мәліметінше, жарылыстан кемінде екі адам қаза тауып, тоғыз адам із-түзсіз жоғалған. Тағы сегіз адам ауруханаға жатқызылды.

Әзірге зауытта қанша адам жұмыс істейтіні белгісіз.

Серіктес жаңалықтары