Түркияның Кахраманмараш провинциясында жергілікті уақытпен сағат 7:39-да жер сілкінді. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.
Табиғи апаттармен күрес және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, 4,5 магнитудалы жерасты дүмпуінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Экинозюде елді мекенінде орналасты. Эпицентрі 7 шақырым тереңдікте болды.
Еске салайық, Кахраманмарашта 21 наурызда - 4,1 қуатымен, 23 наурызда 4,3 және 5,3, 24 наурызда 4,7 магнитудасымен жер сілкіністері тіркелді.
6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын зілзала болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, зілзала 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.
Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.